Хоссейн Тайеби алматылық «Қайрат» футзал командасына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоссейн Тайеби алматылық «Қайрат» футзал командасына ауысты

27.10.2016
Хоссейн Тайеби алматылық «Қайрат» футзал командасына ауысты

Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық «Қайрат» командасына ауысты, деп хабарлайды egemen.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, келісімшарт «1+1» сызбасы бойынша жасалған. Тайеби медициналық тексерістерден өтті, жуырда алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайтын болады.

«Мен «Қайрат» командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, «Қайрат» командасы — әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!», — деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Колумбияда қыркүйек-қазан айында футзалдан өткен Әлем чемпионатында Иран құрамасы Португалияны басып озып, 3-орынды иеленген болатын. Иран құрамасында ойнаған Тайеби 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.

Фото - afckairat.kz

Хабарламаларға жазылу