Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

28.09.2021

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.

Спортшыларымыз ширек финалда Иран командасымен кездесіп 3:2 есебімен жеңді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,- делінген парақшада.

Енді жартылай финалда Қазақстан Португалия құрамасымен кездеседі.


Хабарламаларға жазылу