Шағын футболдан студенттер лигасының жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын футболдан студенттер лигасының жеңімпазы анықталды

29.11.2014
Шағын футболдан студенттер лигасының жеңімпазы анықталды

Бүгін Астанада шағын футболдан Ұлттық студенттер лигасының жеңімпазы анықталды. Турнир барысында оқ бойы озып шыққан әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері ақтық сында Еуразия Ұлттық Университетінің футболшыларымен кездесті. «Астана Арена» стадионында өткен тартысты кездесуде елордалық команда алматылық ұжымның қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, бас жүлдеге ие болды. Ал, үшінші орын үшін  жасыл алаңда Қазақ Агро Техникалық университеті мен Қазақ Ұлттық  Аграрлық университеті күш сынасты. Нәтижесінде 2:3 есебімен Қазақ Ұлттық  Аграрлық университеті жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу