Футболдан студенттер ұлттық лигасының ойындары өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан студенттер ұлттық лигасының ойындары өткізіледі

30.09.2014
Футболдан студенттер ұлттық лигасының ойындары өткізіледі

Қазақстанда футболдан студенттер ұлттық лигасының алғашқы туры басталады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде студенттер ұлттық лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Астана студенттері үшін жеребе тарту рәсімін ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов жүргізсе, Алматы үшін Александр Борисов жүргізді. Әр қаладан сегіз команда қатысатын лиганың бірінші туры осы сенбі, яғни қазанның 4-і күні өтеді.

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің алаңында 1-турда мына командалар кездеседі:

Астана:

Қаржы академиясы - Тұран университеті

Медициналық академия - Еуразия Ұлттық Университеті

Назарбаев Университеті - Қазақ гуманитарлық заң университеті

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қаржы полициясы академиясы;

Алматы:

С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті -

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - Халықаралық бизнес академиясы

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті - Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

ҚМЭБИ университеті - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу