Чемпиондар Лигасының жеңімпазы – «Реал» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасының жеңімпазы – «Реал»

25.05.2014
Чемпиондар Лигасының жеңімпазы – «Реал»
Португалия астанасы Лиссабонда Чемпиондар Лигасының 2013/2014 маусымының шешуші матчы өтті. «Эштадиу да Луш» стадионында чемпиондық атаққа Мадрид қаласының клубтары «Реал» мен «Атлетико» чемпиондық атаққа таласты.
 
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 37-минутында Диего Годин есеп ашса, ойынның аяқталуына соңғы минут қалғанда Серхио Рамос таразы басын теңестірді.
 
Ал овертаймда «Реал» ойыншыларының мерейі үстем болды. Карло Анчелотти шәкірттері қарсыластарының қақпасынан үш гол соқты. Гол авторлары -  Гарет Бэйлдің (110 минут), Марсело (118 минут) және 11 метрік айып добын қақпаға дәл бағыттаған Криштиану Роналду (120 минут).
 
Айта кетейік, корольдік клуб Чемпиондар Лигасының кубогының оныншы мәрте жеңіп алды. Олар соңғы рет 2001/2002 маусымында жеңіске жеткен еді. Сол жылы Глазгода өткен финалдық ойында «Реал» леверкузендік «Байер 04» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Хабарламаларға жазылу