Еуропа Лигасының жеңімпазы - «Севилья» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасының жеңімпазы - «Севилья»

15.05.2014
Еуропа Лигасының жеңімпазы - «Севилья»
Еуропа Лигасының 2013/2014 жылғы маусымында испаниялық «Севилья» футбол клубы жеңімпаз атанды. Финалдық матчта «Севилья» португалиялық «Бенфика» клубынан басым түсті.
 
Қарсыластар негізгі және қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Оның үстіне есеп аша алмай, кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
 
 Пеналти сериясында испаниялық клубтың ойыншылары дәлдік танытты. Ал «Севилья» қақпашысы Бету қарсыластарының екі соққысын қайтарды.
 
Бұл турнирде «Севилья» үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін олар 2006 және 2007 жылдары топ жарды. Ал «Бенфика» осымен үшінші рет ақтық сында сүрінді.
 

Хабарламаларға жазылу