Еркін күрес. Гюзель Манюрова Азия ойындарының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін күрес. Гюзель Манюрова Азия ойындарының финалына шықты

28.09.2014
Еркін күрес. Гюзель Манюрова Азия ойындарының финалына шықты

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында еркін күрестен медальдар сарапқа салынды.

Қазақстандық Гюзель Манюрова (75 келі) Азия ойындарының финалына өтті. Осылайша Қазақстан құрамасында кем дегенде бір күміс медаль бар.

Жартылай финалда Гюзель тайпейлік Тинь Юді 4:1 есебімен жеңді. енді оның финалдағы қарсыласы – қытайлық Фен Чжоу (72 келідегі 2012 жылғы Әлем чемпионы).

Айта кетейік, Манюрова мен Чжоу осы жылы Алматыда өткен Азия чемпионатың финалында күрескен болатын. Сол кезде жерлесіміз қытайлық спортшыны жеңген еді.

 

Хабарламаларға жазылу