Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

04.08.2021

Токио Олимпиадасындағы қоржынымыз тағы бір медальмен толықты. Былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді. 91 келіден жоғары салмақта сынға түскен боксшымыз жартылай финалда америкалық Ричард Торрезге есе жіберді. Осылайша, Токиоға барған боксшыларымыздың арасынан Сәкен Бибосынов қана жарыс жолында қалды. Ол ертең жартылай финалда сынға түседі.

Сондай-ақ, Токиодан тағы бір жаңалық. Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты. 57 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз бүгін екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңді. Ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашиді 6:4 есебімен ұтты.


Хабарламаларға жазылу