Гюзель Манюрова төрт дүркін Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гюзель Манюрова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

26.04.2014
Гюзель Манюрова төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен құрлық бәсекесі жалғасуда. Әйелдер күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының  жаттықтырушысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гюзель Манюрова елордада өтіп жақтан чемпионатта жеңіске жетті.
 
75 келі салмақта қазақстандық палуан Гюзель Манюроваға тең келер ешкім болмады. Ол бірінші айналымда өзбек спортшысы Гульмира Исматованы айқын ұтса, жартылай финалда үнді палуаны  Джойти Джойтиден басым түсті. Ал ақтық белдесуде қытай қызы Чжоу Фэнді ұтты.
 
Гюзель Манюрова осымен төрт дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін қазақстандық палуан 2010, 2011 және 2012 жылғы құрлық біріншілігінде топ жарды.
 
Әйелдер күресі бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 «алтын» және 2 «қола» жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні Татьяна Аманжол чемпион атанса, екінші күні Екатерина Ларионова, Айым Әбділдина және Эльмира Сыздықова  ел қоржынына қола медаль салды.
 
Жалпыкомандалық есепте Жапония бірінші орынға шықты. Екінші орында – Қытай. Үшінші орында – Қазақстан. Чемпионат ертең аяқталады.

Хабарламаларға жазылу