Гюзель  Манюрова  финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гюзель  Манюрова  финалда

18.08.2016
Гюзель  Манюрова  финалда

Бүгін Рио-де-Жанейрода әйелдер арасында күрес жарысы басталды.  Қазақстан атынан 75 келіге дейінгі салмақта күрескен Гюзель  Манюрова 1/8 финалда  22 жастағы венгриялық палуан Жанетт Неметті 12:2 есебімен ұтты.

Турнирдің 1/4 финалында Гюзель камерундық Аннабель Алимен кездесті. Есеп - 8:0.

Ал, жартылай финалда Гюзель Манюрова ресейлік  Екатерина Букинадан басым түсті. Енді ол финалда канадалық Эрика Элизабет Вибемен  Олимпиада «алтынына»  таласады.

 

Хабарламаларға жазылу