Инчхон-2014. 24 қыркүйек. Бүгін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында екі алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. 24 қыркүйек. Бүгін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында екі алтын медаль иеленді

24.09.2014
Инчхон-2014. 24 қыркүйек. Бүгін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында екі алтын медаль иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың 15 түрінен сынға түсті.

Біздің спортшылар таңертеңнен бастап академиялық ескек есуден медаль ұта бастады. Бірінші, Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова жұптық бәсекеде қола медаль иеленді. Ал Светлана Германович және Мария Васильева екілік қайығымен Азия ойындарының күміс жүлдесін алды. Олардан кейін, Виталий Васильев, Михаил Таскин, Евгений Васильев және Владислав Яковлев бастаған төрттік тағы бір қола медаль ұтып алды.

Ал ескек есуші Евгений Тацей мен Артем Исупов жұбы «В» финалында екінші орында тұрып, жарыс соңында 8-ші келді.

Винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жарысынан Ольга Довгун 8-ші, ал Елизавета Лунина мен Александра Малиновскаямен командалық бәсекеде 6-шы орынға тұрақтады.

Сергей Вохмянин 25 метрден тез ататын пистолет жарысынан іріктеу кезеңінде 13-ші орын алып, финалға өте алмады.

Семсерлесудің сабля түрінен ерлер құрамасы Гонконг спортшыларына ұтылып, командалық жарыстың жартылай финалына шыға алмады.

Ал көгалдағы хоккейші қыздар Гонконг құрамсын жеңді.

Баскетболдан ерлер құрамасы Қытай спортшыларына ұтылды.

У-шу шебері Ришат Ливеншо (60 келіге дейін) финалда ирандық спортшыдан жеңіліп, Азия ойындарының «күмісін» иеленді.

Гандболшы қыздар Мальдив аралдарын, ал баскетболшы қыздарымыз Гонконгты ұтты.

Ал волейболдан қыздар құрамасы Тайпэй спортшыларын жеңе алмады.

Су добынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола медалін ұтып алды.

Ал теннистен ерлер құрамасы (Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов) Азия чемпионы атанды.

Дмитрий Баландин 100 метр брасс әдісімен жүзуден бірінші орын алып, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Жүзудің осы әдісі бойынша тағы бір спортшымыз – Екатерина Руденко Инчхондағы Азия ойындарында өзінің екінші күміс медалін жеңіп алды.

Боксшы Берік Әбдірахманов (60 келі) алғашқы жекпе-жегінде йорданиялық Мустафа Алкасбехке 1:2 (29:28, 28:29, 28:29) есебімен есе жіберді.

Зілтемірші Ербол Мейірманов (58 келі) Азия ойындарын 5-ші орында қорытындылады.

Медаль кестесі:

1. Қытай — 118 (59, 32, 27)

2. Оңтүстік Корея — 74 (26, 23, 25)

3. Жапония — 76 (20, 29, 27)

4. Қазақстан — 26 (6, 7, 13).

Инчхондағы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының медальдары:

«Алтын» (6): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — екі (жүзу), ерлер құрамасы (теннис);

«Күміс» (7): Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу);

«Қола» (13): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стендтік оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы).

Фото: immaeverlastingstories.wordpress.com

Хабарламаларға жазылу