Футболдан ел Кубогының жартылай финалистері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ел Кубогының жартылай финалистері анықталды

16.07.2014
Футболдан ел Кубогының жартылай финалистері анықталды

Футболдан ел Кубогының жартылай финалдық кездесулерінің жеребесі тартылды.

Жеребенің қорытындысы бойынша, алматылық «Қайрат» қарағандылық «Шахтермен» бақ сынасса,  екінші ойында  «Ақтөбе» «Астана» ойыншыларымен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Алғашқы кездесулер тамыз айының 16-шы жұлдызында өтсе, қарымта ойындар қыркүйек айының 24-25-і өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда ел Кубогын «Шахтер» клубы иеленген болатын.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу