Әлем чемпионаты: Франция құрамасы финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Франция құрамасы финалға шықты

15.12.2022

Футболдан Әлем чемпионатының финалистері анықталды. Жартылай финалда Франция мен Марокко құрамалары арасындағы ойын Дидье Дешамның командасының жеңісімен аяқталды. 

Ойын жылдам соғылған голмен басталды. Матчтың 5-ші минутында Франция құрамасының қорғаушысы Тео Эрнандес мергендігімен көзге түсті. Бұл сәтте қақпашы Яссин Буну шарасыз күйде қалды. Өз қақпаларына алғашқы минуттарда гол өткізіп алған Марокколықтар шабуылды үдете түсті. Гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады.

Екінші таймда француздар қорғаныста сауатты өнер көрсетті. Хаким Зиеш бастаған жігіттер жиі шабуылдап, допқа көбірек иелік етті. Алайда Льористің қақапасынан саңылау таба алмады. 78 минутта Дембеленің орнына алаңға шыққан 24 жастағы Рендаль Коло муани 1 минуттан кейін ойындағы екінші голды соғып, француздар айқын басымдыққа қол жеткізді.

Ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Финалда Франция Аргентинамен ойнаса, үшінші орын үшін Хорватия мен Марокко құрамалары арасында ойын өтеді.

Антуан, жанкүйер:

Ойын маған ұнады. Финалға шыққанымызға қуаныштымын. Мен барлық ойынның есебін осылай жазып жүремін. Финалда жеңіске жететінімізге сенімдімін. Тек сәттілік болсын.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу