«Түнгі студияда» - «Қайрат» мини футбол клубының мүшелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - «Қайрат» мини футбол клубының мүшелері

13.05.2015
«Түнгі студияда» - «Қайрат» мини футбол клубының мүшелері

«Қайрат» футзал клубы – шағын футболдан еліміздегі ең танымал команда. Клуб Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, УЕФА Кубогының қола жүлдегері. «Қайраттың» ең жоғары жетістігі – 2013 жылы футзалдан УЕФА кубогын жеңіп алуы.

Алғашында «Қайнұр» деген атпен 1995 жылы негізі қаланған клубтың ең маңызды жеңісі 1997 жылы Қазақстан кубогындағы қола жүлде болды. Екі жылдан соң жартылай финалда қарағандылық «Локомотив» командасын жеңген «Қайнұр» алғаш рет ел кубогын иеленеді.

Ал, алғашқы чемпиондық атақты «Қайнұр» 2003-2004 жылы клубтың атауын «Қайрат» деп атаған соң алған. Бүгінге дейін команданы жаттықтырғандар қатарында Пауло Аугусто, Файсал Сааб, Жозе Алесио, Жоао Карлос Барбоза бар. Қазіргі жаттықтырушысы – Рикардо Камара Собрал.

«Қайрат» мини футбол клубының капитаны Дінмұхамед Сүлейменов пен көпшілікке «Игита» деген атпен танылған қақпашы Леонардо-Де Мело Вьейра Лейте бүгін 23:40-та «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу