Волейболдан ел чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан ел чемпионаты өтуде

19.03.2014
Волейболдан ел чемпионаты өтуде

Тараз қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан ел чемпионаты аяқталуға жақын. Кезекті жарыс күні қызықты өтті.

 
Алдымен алаңға шыққан «Атырау» командасы 3:0 есебімен «Павлодарға» есе жіберсе, «Алматы» ойыншылары күтпеген жерден сүрінді.
 
Ақтөбе облысынан келген «КазХром» волейболшылары 3:2 есебімен «Алматы» ұжымын ұтса, осы ойыннан кейін «Конденсат» пен «Шығыс» командалары алаңға шықты.
 
3 ұпай алғанда оралдықтар бір күн бұрын ел чемпионы атанар еді. «Алматының» жеңілісінен кейін сәл босаңсып шыққан Игорь Никольченконың командасы 2-ші және 3-ші сеттерде жеңіліп қалды.
 
Қорытынды есеп - 3:1 «Шығыстың» пайдасына. Енді ертең чемпиондық атаққа кім лайықты екендігі анықталады. «Конденсат» пен «Алматы» командалары өзара күш сынаспақ.
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу