Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

11.04.2015
Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Павлодарда волейболдан әйелдер арасында ұлттық лига командалары арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Жалпы 6-шы тур ойындарына 6 команда қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні Астана волейболшылары «Алматы» командасына есе жіберіп, екінші ойында волейбол академиясының өкілдерін 3:0 есебімен ұтты. Ал Қарағанды қаласынан келген ойыншылар екі кездесуде жеңіліске тап болды. Әзірге турнир кестесінде еншісінде 61 ұпай бар «Иртыш Казхром» командасы жеке дара топ бастап келеді. Ал «Жетісу» командасы 60 ұпайға қол жеткізген. Алтын медаль үшін талас осы екі команда арасында өтпек. Ала допты алақанда ойнатқан шеберлердің өнерін «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Жарыс сәуір айының 15-ші жұлдызында аяқталмақ.

Хабарламаларға жазылу