Оралда самбодан ел чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда самбодан ел чемпионаты өтуде

07.02.2015
Оралда самбодан ел чемпионаты өтуде

Орал қаласында 16-17 жастағы спортшылар арасында самбодан ел чемпионаты өтуде.

Бәсекеде бақ сынауға 560 палуан жиналды. Белдесулер 6 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Мамандар дәстүрлі додаға қатысушылардың қатары жыл санап артып, шеберліктерінің шыңдалып келе жатқанын айтады.

Жанболат Рахманбердиев, ҚР жасөспірімдер бойынша аға жаттықтырушы:

Бұл чемпионат - Әлем біріншілігіне іріктеу сыны. Іріктеліп алынған палуандармен алда оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

 

Рауан ДИӘЛИ

 

Хабарламаларға жазылу