Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі

24.02.2014
Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі
Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз қола медальді салған 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Ванкувер Олимпиадасының чемпионы, кореялық спортшы қыз Ю На Киммен қарым-қатынасы жөнінде айтып берді.
 
«Мен жеке өмірімді құпия ұстауды жөн санаймын. Көрсетілімдік шарада жолым болып, Ю На Киммен бірге биледім. Ол атақты және маған ұнайтын спортшылардың бірі. Мен оны Әлем чемпионатынан бастап бақылап жүрмін. Біз бір-бірімізді бірнеше жылдан бері білеміз. Мен үшін онымен бірге билеу құрмет болды. Ол мықты спортшы ғана емес, тартымды қыз», - деді Денис Тен.
 
Айта кету керек, Сочи Олимпиадасындағы көрсетілімдік шарада Денис Тен мен Ю На Ким жұптасып биледі. 23 жастағы оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Сочи Олимпиадасында күміс медаль алды. Ол тек ресейлік Аделина Сотниковаға есе жіберді.
 
Сонымен қатар,  Ю На Ким екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2013), төрт құрлықтың чемпионы (2009), Гран-при финалының үш дүркін чемпионы (2006, 2007, 2009) және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы (2006).

Хабарламаларға жазылу