Токио-2020: Садақ атудан Денис Ганькин үздік ондыққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио-2020: Садақ атудан Денис Ганькин үздік ондыққа енді

23.07.2021

Бүгінгі жарыс күнінде садақ атудан іріктеу кезеңі де өтті. Ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы өнер көрсетіп, Денис Ганькин алғашқы ондыққа енді. Денис 669 ұпай жинап, 64 спортшының арасынан 9-орынды иеленді. Ильфат Абдуллин 27-ші, Санжар Мұсаев 52-ші сатыда. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея өкілі Ким Дже Док көш бастады. Екінші орында америкалық Брэди Элисон, үшінші сатыда кореялық Он Джин Хек орналасқан.

Айта кетейін, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі айналымдағы спаррингтік жұптар анықталады. Қазақстандық Ильфат Абдуллин Ұлыбритания өкілі Джеймс Вудгейтке қарсы шығады. Денис Ганькин Египет намысын қорғайтын Юсуф Толбамен өзара мықтыны анықтайды. Санжар Мұсаев болса қытайлық Дапенг Вангпен 16/1 финал жолдамасына таласады. 

Хабарламаларға жазылу