Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ескерткіш ашылды

24.06.2019

Мүсінде спортшының 2014 жылы Сочиде өткен олимпиадада өнер көрсету сәті бейнеленген. Әлемдік додада Денис Тен қола жүлде ұтып алған еді.

Ескерткіш Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында орнатылған. Оны Санкт-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкин жасаған. Ескерткіштің биіктігі - 240 см. Қоладан құйылған. Жиынға спортшының туыстары, достары, әріптестері және қала тұрғындары қатысты. Айта кетейік, алдағы уақытта Денистің анасы Оксана Теннің спортшы ұлы жайлы кітабы жарық көрмекші. Сонымен қатар, 20 шілдеде "Алматы Арена" спорт кешенінде Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы болады.

Илья Илин, Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы:

Дениспен дос ретінде де жақсы араластық. Бір біріміздің жеңісімізге қуанып жүретінбіз. Әрине, тек осылай ғана еске алатынымыз өкінішті. Десе де, бұл үлкен жұмыс. Алғаш көргенде көзіме жас келді. Енді, осы жерге келіп тұратын боламын.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу