70 миллион сөздік база жасанды интеллект жүйесіне енгізіледі
Тіл білімі институының мамандары 70 миллион сөздің грамматикалық, фонетикалық, танымдық ерекшелігі жинақталған «ақылды базаны» енді жасанды интеллектіге енгізбек. Мәселен, жүйеге қандай да бір мәтінді енгізсеңіз, оны қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес дыбыстап береді. Сонымен бірге бағдарлама жазбадағы орфографиялық ережелерді сақтап, емлеге сай тыныс белгісінің қолдану аясын көрсетеді. Мемлекет басшысының Жолдауында сан салаға жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу айтылды. Осы ретте қазақ тілін жасанды интеллектіге енгізу - оның цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге және өміршеңдігін арттыруға бағытталған дейді мамандар.
Анар Фазылжан, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:
Біздің әзірлеп жатқан жүйеміз 33-тен астам цифрлық жүйе. Оның ішінде PDF мәтінді WORD нұсқаға сауатты аударатын, оның ішінде қазақ мәтінінің грамматикасының пунктуациясын керек десеңіз, стилистикасын түзеп беретін ақылды мәтін түзеткіш те бар. Егер осындай базаларды жетілдіре беретін болсақ, біздің қазір ChatGPT сияқты жасанды интеллектілеріміз, өзіміздің ЖИ қазақтың санасындағы бай, ұлттық рухани мұрасын терең түсінетін болады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдірді
25.09.2025, 18:02

Экологиялық байқаудың жеңімпаздары марапатталды
25.09.2025, 18:01
Қос пара спортшыға жүлде бұйырмады
25.09.2025, 17:21
Ә.Маймұратовтың финалда жолы болмады
25.09.2025, 17:20
ХОК қазақстандық спортшыларға стипендия бөлді
25.09.2025, 17:18
«Қайрат»-«Реал»: Р.Уразбахтиннің жоспары қандай?
25.09.2025, 17:18
Ұлы дала жорығының алтыншы маусымы аяқталды
25.09.2025, 17:15
Жол саласында бір ғасырға жуық еңбек еткен әулет
25.09.2025, 17:14