Басты Жаңалықтар Зейнетақы қорын үптеген қылмыстық топтар анықталды

Зейнетақы қорын үптеген қылмыстық топтар анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қомақты қаражатты заңсыз шығарып келген 5 қылмыстық топты анықтады. Олар еліміздегі бірнеше қалада отыздан аса стомотологиялық клиникада қызмет көрсетіп жатырмыз деп жалған құжаттар рәсімдеген. Шын мәнінде тіс емдемеген. Осылайша қылмыстық топ 200 млрд теңгеден аса қаржыны шығарған. Кейін анықталғандай, олар сол ақшаның 600 млн теңгесіне 15 қымбат көлік, зергерлік бұйым, коммерциялық нысан және пәтер мен жер телімдерін сатып алып үлгерген. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Бөлісу