Еуропа әуежайлары кибершабуылға ұшырады
Өткен тәулікте Еуропа әуежайлары тағы да қиындықтарға тап болды. Солардың қатарында Лондонның «Хитроуы» да бар. Бұл авиациялық терминалдардың компьютерлеріне шабуыл жасалып, тіркеу және жүктерді сұрыптау жүйесі істен шыққан. Сондықтан жүздеген рейс кешікті. Брюссель әуежайы болса, жүйенің қайта іске қосылғаны жөнінде ақпарат жоқ екенін алға тартып, авиакомпанияларға бүгін де әуе сапарларының жартысын доғаруға шақырды. Еуропа одағының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ұйымы да дүйсенбі күні авиарейстерді тоқтата тұруға кеңес беріп отыр. Қазір оқиғаның себебі тергеліп жатыр. Болжамдарға қарағанда кибершабуылдардың ар жағында хакерлер, қылмыстық топтар және мемлекеттік құрылымдар тұруы мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан палуандары 3 медаль жеңіп алды
22.09.2025, 14:50

Өскеменде жексенбілік жәрмеңке ұйымдастырылды
22.09.2025, 14:42
Тараздағы жәрмеңкеде 18,2 тонна өнім сатылды
22.09.2025, 14:39
Табиғатты ластаудан Павлодар өңірі көш бастап тұр
22.09.2025, 14:36
Зейнетақы қорын үптеген қылмыстық топтар анықталды
22.09.2025, 14:33
Еуропа елдерінде азық-түлік қымбаттады
22.09.2025, 14:32
Ресейде эпидемиялық ахуал нашарлап барады
22.09.2025, 14:28
Канада, Австралия, Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындады
22.09.2025, 14:25