Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды
Жасанды интеллекті қоғамның құрылымын, экономиканы, басқаруды түбегейлі өзгертетін кезеңге жол ашты. Енді мұны тиімді пайдалана білуіміз керек. Жастармен кездесу өткізіп, Президент Жолдауының негізгі тұстарын талқылаған мәжіліс депутаттары осылай деді. Ақылды технологиялардың мүмкіндігі мол. Болашақта оның игілігін көру үшін жастарға басты сапалы білім мен инновациялық ойлауды дамыту қажет. Ал мемлекет цифрлық салада бәсекеге қабілетті болу үшін жастарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Кездесу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жасанды интеллектінің жаңа моральдық негіздері қандай болуы керек? Тек техникалық емес, моральдық ұстанымдары да айқындалуы тиіс. Президент Жолдауында атап өткендей, кейбір күштер бұл технологияны қару-жарақ жасауға бейімдеп жатыр. Біз оны бейбіт мақсатта қолданамыз ба, әлде адамзатқа зиян келтіретін бағытта пайдаланамыз ба? Бұл — жер бетінде өмір сүріп жатқан әр адамның ойлануы тиіс мәселе.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
