Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті
«Қазақстан ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуда ашықтық пен болжамдылыққа бейіл. Үкімет өндірістік қуатты кеңейтуге, локализациялау деңгейін арттыруға және ел экономикасының цифрлық трансформациясын тереңдетуге ниетті». Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында осылай деді.
Жиында тұтыну тауарларын цифрлық таңбалау жүйесін дамыту
шаралары талқыланды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, үш тауар
тобы үшін міндетті таңбалау енгізілген. Нәтижесінде, темекі өнімдері бойынша
бюджетке түсімдер 1,5 есеге, аяқ киім бойынша 3 есеге, дәрі-дәрмектер бойынша
1,8 есеге өскен. Жиынға қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық
және цифрлық реформаларға бағытталған бастамаларын оң бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
