Президент: Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек
«Цифрлық саланы дамыту арқылы экономикаға серпін беріп, ашықтыққа қол жеткізуге болады». Алматылық сарапшылар осындай пікірде. Президент Жолдауында алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналу бағыты айқындалды. Ол үшін цифрлық кодекс қабылданады. Жаңа ережеде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану мәселелері қарастырылады.
Жаппай цифрландыру – қағазбастылықтан арылу. Ашықтық пен жылдамдыққа қол жеткізу. Бүгінде еліміз сала бойынша әлемде 24-орынға тұрақтаған. Мемлекеттік қызметтердің 92 пайызын онлайн алуға болады. Бұл қызмет көрсету уақытын 20 есеге қысқартты.
Сауалнама:
- Қағаз толтырып, бәріне әуре болатын едік. Қазір енді телефонмен.- Барлық салаларға жасанды интеллект бойынша министрлік ашылып жатыр ғой барлық саланы соған қарай ыңғайландырса.- Қалаларда цифрландыру жақсы дамығанымен, ауылды аймақтарда көп адамдар қол жеткізе алмай жатыр.
Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамту – цифрландыру саласындағы маңызды бағыт. Елімізде интернетке қол жеткізуі қиын деп танылған 6 мыңға жуық елді мекен бар. Мәселені шешу үшін шалғай ауылдарға спутниктік технологиялар енгізіледі.
Бағдат Ягалиева, физика-математика ғылымдарының кандидаты:
Бүгінгі таңда мектепке қабылдау, бала-бақшаға кезекке тұру деген сияқты жұмыстардың барлығы онлайн түрінде жүргізіледі. Ауылды аймақта ең жетіспейтіні интернеттің жылдамдығы. Қосымша жабдықтардың жетіспеушілігі.
Жаппай цифрландыру экономиканың дамуына да оң серпін береді. Сарапшы Ерболат Қаламан жаңа технологияға өту кәсіпкерлер санын көбейтуге мүмкіндік сыйлайды деп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын көтеруге сеп.
Ерболат Қаламан, техника ғылымдарының магистрі:
Кез-келген бір кәсіпті жаңадан ашатын болса, бұрынғыдай әр мемлекеттік органдардың табалдырығын аттап, қағаз, қол жинап керек емес. 5-10 минутта жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеп алып кетуге болады.
Бүгінде елімізде цифрландыру саласы тұрақты дамып келеді. Еліміздегі IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты, соңғы үш жылда өсім 16 пайызға жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
