Басты Жаңалықтар Вашингтон мен Бейжің TikTok мәселесінде келісімге қол жеткізді

Вашингтон мен Бейжің TikTok мәселесінде келісімге қол жеткізді

АҚШ TikTok-тың америкалық сегментіне иелік ету туралы Қытаймен негізгі келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Мадридте өткен келіссөздерден кейін Құрама Штаттардың қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді.

Оның сөзінше, президент Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қорытынды келісімді жұма күні жасайды.

Қытайлық стартап TikTok әлеуметтік видеожелісін 2018 жылы іске қосты. Содан бері бұл платформаны қолданушылар саны әлемнің 150 елінде 1,5 миллиардтан асып кеткен. Егер TikTok-тың америкалық бөлігі қыркүйектің 17-не дейін Вашингтонның құзырына берілмесе, бұл қосымша АҚШ аумағында жұмысын тоқтатуға тиіс.

Айта кетсек, АҚШ-тың әділет министрлігінің ойынша, TikTok америкалықтардың жеке деректерін иелене отырып, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қарсы жақ болса, мұндай болжамдарды үнемі жоққа шығарып келеді.


Бөлісу