Басты Жаңалықтар Маңғыстауда бюджет қаражатын жымқырған басшылар сотталды

Маңғыстауда бюджет қаражатын жымқырған басшылар сотталды

«Oil Services Company» компаниясы бас директорының орынбасары 7 жылға сотталды. Маңғыстау облысының прокуратурасы аталған кәсіпорынның қызметінде жабдықтарды қабылдау кезінде заң бұзушылықтарды анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Нәтижесінде компания мен мердігер ұйымның басшылық құрамындағы үш тұлға ұсталды. Сот үкімімен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорынның бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, мекеменің бөлім басшысы мен мердігер компанияның директоры 2 жыл 4 ай мерзімге сотталды.

 

Бөлісу