Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

Маңғыстауда жол көлік апатынан 10 адам қаза тапты. Тағы үш адам ауыр жағдайда Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген. Жантүршігерлік оқиға кеше Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде болған. Алдын ала болжам бойынша «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан көлікте болған 8 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға апара жатқанда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу