Басты Жаңалықтар Сенат Astana Hub паркіне қатысты заңды мақұлдады

Сенат Astana Hub паркіне қатысты заңды мақұлдады

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен бірігеді. Бүгін Сенат отырысында инновациялық қызметті қолдау және мемлекеттік статистика саласына өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы талқыланды. Жаңашыл идеяларды дамытуға бағытталған құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданды. 2 кодекске және 10 заңға өзгерістер енгізілмек. Сондай-ақ Astana Hub базасында ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесін дамытатын цифрлық платформа жасақталатыны айтылды. Ал стартап жобалар портфелін бағалау нормалары Бюджет кодексінен Кәсіпкерлік кодекске ауыстырылады.

Шәкәрім Бұқтығұтов, Сенат депутаты:

Мемлекет басшысы жолдауында Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толық цифрлық ел болу керек екенін айтты. Сондай-ақ барлық салада жасанды интеллект жүйесін енгізуді тапсырды. Бүгінгі құжаттағы өзгерістер де осы мақсатта енгізілген. Біріктірудің негізгі мақсаты – «Астана Хаб» ақпараттық технологиялар саласындағы табысты тәжірибелерін басқа инновациялық бағыттарға кеңейту. Замануи технологиялық бағыттағы жұмыстарды бір жерге шоғырландыру.

Ернұр Медет

Бөлісу