Басты Жаңалықтар «Smart Shymkent»: Шымкентте жаңа жоба қолға алынады

«Smart Shymkent»: Шымкентте жаңа жоба қолға алынады

Жолдауда экономиканың барлық саласына жаппай жасанды интеллект енгізу және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған орай Шымкентте жаңа жоба қолға алынады. «Smart Shymkent» жобасы аясында пилоттық шешімдерді енгізу үшін барлық барлық салада тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Президент Жолдауын талқылау кеңесінде осындай тапсырмалар жүктеді.

Президент Жолдауында экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамудың жеті басым бағыты айқындалды. Жасанды интеллектіні дамыту, инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру - ендігі басты міндет.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы:

Шымкенттің әлеуеті жоғары. 360 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл былтырдан 31%-ға көп. Дегенмен бұдан да артық мүмкіндігіміз бар: климат қолайлы, еңбек күші белсенді, кәсіпкерлікке бейім халықпыз.

Жиын соңында әкім инвестицияны арттыру, «Smart Shymkent» жобасы аясында пилоттық шешімдерді енгізу, көлік-логистика, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау салаларын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі:

Президент реформаларының мақсаты - тұрақты жұмыс орындарын ашу, халық табысын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсарту. Жолдауды жүзеге асыруға бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет.

Қала әкімі Жолдаудағы әр міндет ел дамуының бағытын айқындап, тұрғындардың сенімін нығайтатынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.


Бөлісу