Жастар арасында есірткіге қарсы қозғалыс құрылады
Қазақстанда жалпыұлттық есірткіге қарсы қозғалысы құрылады. Мұндай меморандумға «Есірткісіз Қазақстан» жобасының жас көшбасшылары бас қосқан Республикалық конференцияда қол қойылды. Бұл бастама тәуелсіз мамандардың ел бойынша тиімді алдын алу жұмыстарын жолға қоймақ. Жиынға барлық өңірден жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам және халықаралық серіктестердің өкілдері қатысты. Жас көшбасшылар нашақорлықтың алдын алу бойынша өздері әзірлеген инновациялық тәсілдер мен цифрлық шешімдерді ұсынды.
Жандос Ақтаев, «Esbol qory» қоғамдық қорының төрағасы:
20 аймақтан жиналған белсенділер 3 күн бойы тренингте өтіп, наркотизмнің алдын алуын үйреніп, өз аймақтарында фрон-офистерді ашып, наркотизм профилактикасын жүргізетін болады. Оған қоса, біз жыл бойы интернетте 10 мыңнан астам есірткі вирустық контентін саралап, оны бақылап, қабылданған контентті бұғаттап жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
