Басты Жаңалықтар Kazinform ақпараттық агенттігіне – 105 жыл

Kazinform ақпараттық агенттігіне – 105 жыл

Биыл Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігіне – 105 жыл. Атаулы датаға орай, агенттік ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  құттықтау хат жолдады. Оны Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай оқып берді. Ғасырдан астам тарихы бар агенттік осы кезеңде еліміздің ақпарат саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Жұртшылықты дүние жүзіндегі аса маңызды оқиғалардан дер кезінде хабардар етіп, Қазақстанның жүз жылдық жылнамасын жазды, делінген құттықтауда.

Асқар Жалдинов, ҚР  Президент Телерадиокешені директорының орынбасары:

Атаулы дата – үлкен жетістік. Сонымен тағы да бізге үлкен жауапкершілік. Жалпы, Kazinform-да 140 астам журналист жұмыс істейді. Әлемде іртүрлі елде 11 корпункт бар.  5 тілде шығарамыз, қосымша 6 нұсқамыз қазақша, бірақ төте жазумен.  Біз қазір тағы да бірнеше мемлекетті қарастырып жатырмыз, сол жаққа өзіміздің тілшімізді жіберу үшін.


Бөлісу