Басты Жаңалықтар Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды

Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды

Кейінгі кездері Байру бюджет тапшылығын қысқарту және жалпы ішкі өнімнен 114 пайызға асып кеткен мемлекеттік қарыз мәселесін шеше алмағаны үшін үлкен сынға ұшыраған еді.

Айта кетсек, Байру үкіметі дәл осы қаржы проблемасын еңсере алмағаны үшін дүйсенбі күні парламентте сенімнен айрылып, отстакаға кетті.

Францияда екі жыл ішінде осымен бесінші жаңа премьер-министр тағайындалды. Президент Эммануэль Макрон үкімет басшысы лауазымына 39 жастағы Себастьен Лекарнюді тағайындады. Лекарню бұған дейін отставкаға кеткен экс-премьер Франсуа Байру кабинетінде қорғаныс министрі болып қызмет еткен. Макрон оған бюджетті қабылдау мақсатында барлық саяси күштермен, парламент өкілдерімен кеңес өткізуді тапсырды.

 

Бөлісу