Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия құрлығында транзиттік хабқа айналдыру жөніндегі нақты тапсырма берді. Оның ішінде «Достық – Мойынты» теміржол жобасы арқылы еліміздің көлік-логистика әлеуеті артады. Өткізу қабілеті тәулігіне 12 жұп жүк пойызынан 60 жұпқа дейін ұлғайтылып, жүк тасымалы 5 есе қарқын алмақ. Оны іске асыру бойынша Жетісу облысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Өңірдің ҚХР-мен шекарасы 563 шақырым. Бір емес, 5 кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңір. Биыл жаңа «Достық» шекара пункті өз жұмысын бастады. Талдықорған-Достық аралығында 500 шақырым жол жөнделді. Бұрын 800 көлік өтсе, қазір 1600-ге жеткізу көзделген. Бекеттерді цифрландыру ісі де ілгері жүргізіліп, оң нәтиже беруде.
Әсет Қанағатов, Жетісу облысы әкімінің орынбасары:
МЦПС Қорғасқа цифравизация енгіздік. Осы қабылданған шара арқасында 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы салық және кеден салық түсімдері 44 есеге артты. Бұрын 79 млн жылына түсетін болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,6 млрд теңге бюджетке түсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
