Басты Жаңалықтар «AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді

«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді

 

«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыру бойынша партия активімен кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, Орталық аппарат қызметкерлері және «Жастар Рухының» белсенділері қатысты. Сөз басында партия төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық тірегі бола отырып, Жолдауды ауқымды реформалардың лайықты жалғасы, елімізді дамыту бағытындағы нақты әрі жүйелі жұмыстың негізгі бағдары ретінде қарастыратынын ерекше атап өтті.

Ерлан Қошанов, Парламент Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Жолдау мазмұны жағынан өте ауқымды болды. жаһандық бастамалардан бастап, күнделікті өмірге қатысты барлық мәселелер қамтылды. Президент бастамаларын қолдау біздің басты таңдауымыз. Біздің ұзақмерзімді миссиямыз осы мүддемен ұштасып жатыр.


Бөлісу