Кәсіпкерлер кедергіге тап болуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер кедергіге тап болуда

03.09.2025

Кәсіпкерлер «қолдауға емес», керісінше «кедергіге» тап болуда. Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы осы проблема жөнінде депутаттық сауалын Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдады. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жүргізілген реформалардың қаншалықты тиімді екенін тексеруді ұсынды. Үкімет жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттейтін комиссияның дербестігі мен жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді.

Болатбек Нәжметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Үкіметтің мәліметінше, 10 мыңнан астам нормативтік талап жойылған. Дегенмен, кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығы бұл «жеңілдіктерді» әлі сезінбегенін айтады. Сондықтан ең алдымен шағын және орта бизнеске жетекші сарапшылар мен халықаралық кеңесшілерді тарта отырып, «қайта реформалау» бастамасын қолға алуды ұсынамын.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу