US OPEN: Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

US OPEN: Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жеңді

03.09.2025

Қазақстандық теннисшілер Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай жұптық сында жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шықты. Олар колумбиялық-америкалық дуэтті супер тай-брейкте 10:8 есебімен ұтты. Тартысты бәсеке бір жарым сағатан астам уақытқа созылды. Енді Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай ширек финалға шығу үшін германиялық жұп Макдональд пен Шёнхаусқа қарсы ойын өткізеді.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу