Ертең футболдан XVI Еуропа чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең футболдан XVI Еуропа чемпионаты басталады

10.06.2021

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты. Мұндай жетістікке біздің жігіттер тұңғыш рет жетіп отыр.

Ал, ертең футболдан 16-шы Еуропа чемпионаты басталады. Құрлықтың тек мықтылары қатысатын жарыс былтыр өтуі тиіс еді. Бірақ, пандемияға байланысты бір жылға шегерілген. 60 жылдық тарихы бар турнир алғаш рет 11 қалада өтеді. Доп додасын Ұлттық арна мен Qazsport көрсетеді. Алғашқы ойын ертең түнгі сағат 1-де Түркия мен Италия құрамаларының кездесуімен басталады. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу