Қазақстандық теннисшілер жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалға өтті

08.06.2021

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Бублик «Ролан Гаррос -2021» жұптық турнирінің ширек финалында жеңіске жетті. Андрей Голубев және Александр Бублик жұбы екі сетте Юго Ныс пен Тим Пуз жұбын жеңді. Есеп 6: 4, 6: 4. Отандастарымызды турнирдің жартылай финалында Испания өкілдері Пабло Анду джар мен Педро Мартинес жұбы күтіп тұр. Осы ойында жеңіске жетсе, жерлестеріміз финалға жолдама алады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей және жұптық жарыста ширек финалға өткен. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу