Маңғыстау облысында катакомба табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында катакомба табылды

01.11.2018

Маңғыстаудағы Жыңғылды ауылының маңында су құбырын жүргізіп жатқан жұмысшылар жер астынан адамның қаңқасын тапты. Оқиға орнына жеткен археологтар бұл маңды катакомбалық жерлеу орны екенін анықтады. Тереңдігі 2 метр, ұзындығы 40 метрлік ордың ішінде 8 есік бар. Мамандар оның төртеуін ашып, 6 адамның сүйегін тапты. 3 жеткіншек пен ересек әйелдің қаңқасы тарихи-мәдени қорыққа әкелінді. Оларға антропологиялық зерттеу жүргізіледі. Ал, ер адам мен бүлдіршіннің сүйегі тасымалдауға келмеген. Археологтар катакомбаны біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр мен біздің заманымыздың 3 ғасыры аралығына жатады деп болжап отыр. Маңғыстауда бұған дейін Сырлы там, Шағатай, Құмыра және Алтын қазған қорымдары табылған еді.   

Бекболат Төлегенұлы, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының бөлім жетекшісі:

- Бұл жерден табылған адам сүйектерінің ауқымдылығын ескере отырып, енді толыққанды археологиялық зерттеу қажет. Бұл туралы облыс басшылары хабардар. Ендігі кезекте методикалық кеңес болып, осы ескерткішті толыққанды зерттеу бойынша қаржыларын қарастырып жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі деген ойдамыз.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу