Елімізде бір тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды

30.03.2020

Бір тәулік ішінде тағы 19 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Науқастар саны 302-ге жетіп отыр. 20 адам аурудан айығып шықса, өкінішке қарай бір адам қайтыс болды. Індет еліміздің 15 аймағына тарап үлгерген. Нұр-Cұлтанда науқастар саны 169-ға жеткен. Алматыда ауруға шалдыққан 73 адам тіркелді. Атырауда 12, Ақмола облысында 9 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Қарағанды және Алматы облысында жеті деректен тіркеліп отыр. Сондай-ақ Қызылорда облысында 5, Жамбылда 3, Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында екі адамнан вирус анықталған. Маңғыстау, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан табылды. Әзірге тек Қостанай мен Түркістан өңірлерінде короновирусқа шалдыққандар тіркелген жоқ.

Шерхан ЖАМБЫЛ 


Хабарламаларға жазылу