Бейнеу темір жол бекетіне тоқтаған пойыздан героин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеу темір жол бекетіне тоқтаған пойыздан героин тәркіленді

11.09.2014
Бейнеу темір жол бекетіне тоқтаған пойыздан героин тәркіленді

Маңғыстау облысында Бейнеу темір жол бекетіне тоқтаған «Душанбе-Мәскеу» пойызынан  ірі көлемде героин табылды.

Шекарашылар оны вагон мен аккумулятор аралығындағы бөліктен тапқан.

Салмағы 2 келі 458 граммды құрайтын есірткі заты полиэтилен қапта, скотчпен оралған күйде жатқан.

Дерек бойынша жан-жақты тергеу амалдары басталды.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу