Қазақстандық Alex Lim атты әнші Қазанда өткен «Новая волна» Халықаралық байқауында жеңіске жетті. Сахнада жеңімпаздың есімін композитор әрі продюсер Игорь Крутой жариялады. Бұл сәтті әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Бұл «Новая волна» тарихындағы Қазақстанның алғашқы жеңісі.
Айтып өтейік, 33 жастағы Алекс Лим Балқаштың тумасы. Ал екінші орынды ресейлік «Оберег» фолк тобы иеленді. Үшінші орын екі бірдей қатысушыға бұйырды – ресейлік Jummy және отандасымыз Yernazar да үздік үштікке ілінді.
Ақниет Балтанова
