«Бәйтерек» холдингі экономиканы қолдау үшін 4 трлн теңге бөлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Бәйтерек» холдингі экономиканы қолдау үшін 4 трлн теңге бөлген

«Бәйтерек» холдингі экономиканы қолдау үшін 4 трлн теңге бөлген

«Бәйтерек» холдингі жыл басынан бері кәсіпкерлерді қолдау үшін 4 трлн теңге бөлген. Бұл – осы жылға жоспарланған соманың тең жартысы. Мұндай ақпарат Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Экономиканы қаржыландыруда шағын және орта бизнеске басымдық берілген. Секторға 2 трлн теңгедей көлемде қолдау көрсетілді. Сосын шағын кәсіпорындарды дамытатын ірі бизнеске де 1,5 трлн теңгеден астам сома бөлінген. Экспорттаушылар алған көмекті қоса алғанда жарты трлн теңге шамасында.

Данияр Қайыртай

Бөлісу