Төтенше жағдай мамандары Алматы тауларында адасып кеткен туристті құтқарып қалды. 18 жастағы бозбала күндіз достарымен тауға шығып, топтан қалып қойған.
Аймақтағы бақылау-құтқару пунктінің экипажы 3 сағат іздеп, адасып кеткен жігітті Терра алаңынан тапты. Турист таулы аймақта тоңып, ауырып қалған. Алайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. Қауіпсіз жерге жеткен соң үйіне оралған.
Нұрдәулет Сыздық
