Алакөлде инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғаса береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлде инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғаса береді

20.08.2025

Алакөл жағалауында қазір 270 тен астам демалыс орны бар. Ұзындығы 56,7 шақырым электр желісі мен қосалқы станса салынып, үздіксіз жарық берілуде. Жағалау интернетпен қамтылып, 16 базалық станса орнатылды. Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Алакөл ауданына барып, жағажайдағы ахуалды көрді, демалушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ халық қалаулысы «Достық» кеден бекетінің жұмысымен танысты.

Болат Керімбек, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Қазақстан территориясының үлкендігі, Орталық Азияда орналасуы біздің еліміздің логистикалық, транспорттық әлеуетін аттыруға толық мүмкіндігі бар. Қазақстан арқылы өтетін тауарлардың 98 пайызы екінші, үшінші елдерге тасымалданады. Яғни, бұл транзит арқылы көп қаражат тауып отырғандығымыздың белгісі.

Дамир Нұрмұхамбет


Хабарламаларға жазылу