Теннистен АҚШ-та өткен Цинциннати турнирі аяқталды. Әйелдерден WTA 1000 санатындағы беделді жарыста поляк теннисшісі Ига Швентек чемпион атанды. Осы жеңістен кейін дүниежүзілік рейтингтің екінші сатысына көтерілді. Финалда Швентек әлемнің сегізінші ракеткасы италиялық Жасмин Паолинимен кездесті. Бірінші сетте есеп 5:5 болған сәтте Польша спортшысы брейк жасап кетті. Артынша доп беру кезегінде де өзінің мықты екенін көрсетті. Чемпионтықтың тағдыры шешілер кезеңде Ига барын салып, дегеніне жетті. Екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.
Жарыстың ерлер арасындағы финалы күтпеген тосын жәйтпен аяқталды. Есеп 5:0 болған кезде әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер ойынды жалғастырудан бас тартты. Ол жарыстан бір күн бұрын өзін жайсыз сезінгенін айтты. Осылайша ATP-дің 1000 санатындағы турнирде испаниялық Карлос Алькарас мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Асылбек Данияр
