Отандық команда топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық команда топ жарды

09.10.2023

Ресейдің Чувашия республикасында ұлттық жекпе-жектен бірінші дүниежүзілік ойындар өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 25 елден, 2000-нан астам спортшы бақ сынауда. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыста шах бокс, айкидо, күрес сияқты 14 спорт түрінен мықтылар анықталмақ. Иран, Қырғызстан, Қазақстаннан қатысқан командалар финалға өтіп, жоғары ұпай жинады. Алдағы уақытта халықаралық жарыс дәстүрлі түрде өтпек.

Рамиль Габбасов, ұйымдастырушы:

Жарыс қысқа уақытта ұйымдастырылса да, қатысуға ниет білдірген мемлекеттердің саны көп. Сондықтан енді екі жылда бір рет өткіземіз деп шештік. Ұлттық спорт түрлерінен ТМД мемлекеттері де мықты дайындықтарын көрсетті.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу