«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткер

09.10.2018

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік фильм» аталымына үміткер. Кино әлеміндегі ең биік марапаттың тізімге 87 елдің кинотуындысы еніп отыр. Байқау соңында аталмыш номинацияны  5 кинокартина жеңіп алады. Оның қорытындысы  қаңтардың 22-де белгілі болмақ. Ал марапаттау салтанаты ақпан айында  «Оскардың» 91- рәсімінде өткізіледі.

Айта кетейік, «Айка» фильмі Мәскеуге жұмысқа барған қырғызстандық жас эмигрант жөнінде. Ондағы басты рөлді жерлесіміз Самал Еслямова ойнады. Режиссері - Сергей Дворцевой. Ал мамыр айында Самалдың өзі «Канн» фестивалінің «Үздік актрисасы» атанған еді. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу